Ақпараттар Дұрыс Бұрыс Баламалы энергетика өте ауыр өндіріледі
Баламалы энергетиканы сарқылмайтын энергия деп атайды.
Баламалы энергетиканың түрлері: жел энергиясы,
ғарыштық энергия, найзағай энергиясы жатады.

Дескриптор: мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс ақпаратты анықтайды​

milana5697 milana5697    3   02.11.2020 12:44    1

Ответы
zzzzzaaaaatttttiiii zzzzzaaaaatttttiiii  02.12.2020 12:46

Энергия көзі сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. Сарқылатын минералды ресурстардың көмегімен энергия өндіру классикалық әдіске жатқызылады. Оған көмір, газ, мұнай және уран кіреді.

Энергияны баламалы жолмен өндіру салыстырмалы түрде жаңа сектор болып есептеледі. Бұған күн сәулесі, жел, өзендегі су, жер астындағы жылу және биомассаның көмегімен энергия өндіру жатады. Бұлар сарқылмайтын әрі қоғамдық ортаға зиянсыз деп танылған.

Оқи отырыңыз: Мұнай – қазақтың бағы ма, соры ма?

Сондықтан мұнай мен табиғи газ таусылғанда энергия тапшылығын көрмеу үшін, қазірден бастап оны өндірудің баламалы әдістерін дамыту керектігін әлемдегі барлық елде түсінеді, мүдделі.

Энергияны баламалы жолмен өндіру к зерттеу мен қыруар қаржыны талап ететіндігі, көптеген елдердің қолын байлап отыр. Бірақ ерте ме, кеш пе, бәрібір ауысу керек.

"ЭКСПО-2017" көрмесі

2017 жылы Қазақстанның бас қаласы Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесі өтті. Көрменің басты тақырыбы ретінде "Болашақтың энергиясы" таңдап алынып, баламалы энергия көздері дәріптелді.

Көрме өткен жылы Қазақстан халқы тұтынатын электр энергиясының 0,2 пайызы ғана баламалы энергия көзінен өндірілетін. Қазір бұл көрсеткіш 1 пайызға жетіпті. Ал "Қазақстан-2050" стратегиялық жоспары бойынша қазақстандықтар тұтынатын энергияның 50 пайызы баламалы энергия секторынан болуы керек. Осындай болашақтың талап-тегеуірініне Қазақстан төтеп бере ме? Дайындығы қандай? Бұны Informburo.kz тілшісі сарапшылардан сұрап білді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi