- Сын есімдерді тауып, сапалық және қатыстық сын есімдерді бөлек бағанаға көшіру: Мәтінмен жұмыс.
Ежелгі Египетте, Ежелгі Грекияда, Ертедегі Римде құлдардың киімі бел байлауыш қана болды. Оның өзі ауа райының қолайсыздығынан қорғай алмады. Сол кездегі еркін адамдар өз дәрежесіне лайық киінген. Сапалы матадан мамандығын, шенін білдіретін белгілерін таққан киімдер киген. Ал Египет фараондары мен белгілі адамдар – жұқа, үлбіреген мақтадан, кендір маталардан, ал, дін иелері қабылан терісінен тігілген киімдер киіп жүрген. Өте ерте замандағы Элладада еркін адамдар кендір мен жүннен тоқылған жұқа, әр алуан түсті киімдер кисе, құлдар дөрекі, қалың, сапасыз, боялмаған жүннен тоқылған киімдерді қанағат тұтқан.