Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар.
Ал, енді көктем мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады.
Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты.
Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі, әсіресе, ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт.
Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
2. Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.