Составьте 5 вопросов по тексту Ән — халық сүйіп айтатын, тыңдайтын, санғасырлық тарихы бар музыкасы. Қазақ халқында
Ән-күй туралы көптеген мақал-мәтел, аңыз, жырлар бар. Мысалы, «Сөз – күміс, ән алТЫН»,
«Ел көркі ҚЫЗ, Той көркі — ӘН», «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздер осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ӘН мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, —
деген болатын.
Қазақтың бірде-бір отырысы ән-күйсіз өтпеген. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып
жүрген жыршы, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерген. Ақын-әншілердің
өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый-құрмет
көрсеткен. Олардың аты аңыз-әңгімеге айналып, ауыздан ауызға таралып, бүгінгі ұрпаққа жет-
кен.
Қазақтың күміс көмей әншісі – Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік
көрмедегі этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс медаль иеленді. Қазақтың «Ағаш
аяқ», «Үш дос», «Қанапия», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық
ендері Әміре Қашаубаев айтқан үлгі-өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында
жалғасын тауып келеді.