Оқылым Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат. Осыншама бағасы, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды сүймеу мүмкін емес. Асыл армандарымызды әрқашан туған жермен байланыстырамыз. Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша тарихы терең отанымыздың белгісі. Жер ана - қасиетті туған жер. Ол - біздің тылсым тарихымыз. Туған жер топырағын иіскеуге зар болыр кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?! Қазақстан бүгінде жер асты да, үсті де байлыққа кенелген тәуелсіз ел. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Зерттеушілердің мәліметі бойынша Қазақстан дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 6-орында. Жері байдың елі бай деген осы болар. Еліміз тұғырлы мемлекеттер қатарынан көріне берсін. - 1. Мәтінге тақырып қой: 2. Сұрақтарға жауап бер (4) А) Асыл армандарымызды әрқашан немен байланыстырамыз? (1) Ә) Қазақстан бүгінде қандай ел? Б) Қазақстанда неше мыңға жуық пайдалы қазбалар мен кен орындары ашылған? B) Алтын қорынан еліміз дүние осүзі бойынша нешінші орында нам 30 Б
1.Тақырып.
Туған жерім - Қазақстан.
2.Сұрақтар.
А) Асыл армандарымызды әрқашан туған жермен байланыстырамыз.
Ә)Қазақстан бүгінде жер астыда,үстіде байлыққа кенелген тәуелсіз ел.
Б) Қазақстанда жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 70нің мол қоры барланған және оның 60тан астамы өндіріліді.6мыңға жуық пайдалы кен орны ашылған.
В) Алтын қорынан еліміз дүние жүзі бойынша
алғашқы бестікте.