Кемінде екі жай сөйлемнен құралған күрделі сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.Мыс: Аспанда бұлт болмасын, жерде гүл солмасын.
Құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысу жолдарына қарай құрмалас сөйлем 3 бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем.
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Табыс өзінен – өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(1. Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек. )

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері :
Ыңғайлас салалас
Түсіндірмелі салалас
Қарсылықты салалас
Себеп- салдар салалас
Талғаулы салалас
Кезектес салалас