2 - тапсырма . Мәтіннен күрделі сөздерді тап . Оларды қатыстырып сөйлем құрастыр . Мәтіннің мазмұнын өз сөзіңмен айт . ... Адамсүйгіштік қасиет ана сүтімен бойға даритын болса керек . Тоқтар Оңғарбайұлы анасын әрдайым ыстық ықыласпен еске алады . « Мақсатқа жетуді алдымен анам үйретті . Жоғары білімі болмаса да , ішкі мәдениеті мен жан - дүниесі келіскен сондай асыл адамның маған қаншама ізгі қасиетті қалай дарытып үлгергеніне қайран қаламын . Айналаңдағы адамдарға жақсылық жаса , жасағаның өзіңе жақсылық боп қайтады . Саған қайтпаса , балаңа қайтады . Әйтеуір , жақсылық ізсіз кетпейді дейтін еді анашым ! » деп толғанады Тоқтар батыр . Бала демекші , Тоқтар ағамыздың үлкен ұлы — Тимур да әкесінің жо лын қуып , ұшқыш болуды қалаған екен . Оған Америкадан « Боинг » фир масында жұмыс істеуге ұсыныс түскен көрінеді . Сонда Тимур Тоқтарұлы : Бәріміз жан - жаққа жамырап кете берсек , Қазақстанды кім көтереді ? Елге тимеген жақсылықтан не пайда ?! деп Қазақстанда қалыпты . Азаматтықтың жарқын үлгісі осындай - ақ болар .
Әлібек атасымен сөйлестi, атасы оған табиғат жанды және жансыз деп бөлінеді, Табиғат қандай болса да біз қоршаған ортаны қорғау керекпіз - деп түсіндірді
оған атасы