Мәтінді оқып, мәтіннен есімдіктерді тауып, түрін ажыратыңыз. /2/ Ғалымдар «391 жылдан 1220 жылға дейін, 830 жыл бойы Отырар кітапханасы – әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды. Өкінішке орай даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдық тарихы, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінінің алтын қоры сақталған кітапхана түгі қалмай жойылып кетті. Мұндай деректі мысырлық ғалым Птоломей қалдырған. Кітапханадан бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректер де табылды. Отырардың өзінде әл-Фараби секілді талай ғалымдардың болуы әбден мүмкін, себебі кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті.

Мұндай үлкен кітапхананы IX ғасырда Бағдат халифтері жинақтаған деген дерек бар. Онда ең бірінші болып ортаазиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасайды. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.

Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб, Отырар қалаларының негізгі табыс көзі – сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары болғаны даусыз.

MoonyGirl04 MoonyGirl04    2   19.05.2021 17:42    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi