Осы мәьінге байланысты монолог 1. Біздің планетамыздың үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр. Олар Жер бетіндегі ең өнімді экологиялық жүйе болып табылады. Мұхит - планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі. Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311 млн тонна шамасында су мөлшерінен келеді екен. 2. Жердегі тіршілік иелерінің өмір сүруі үшін мұхиттардың мәні өте зор екені бәрімізге мәлім, сонымен қатар ол минералдық заттардың айналымын жүзеге асыруда, атмосфераның газдық құрамы мен климатты қалыптастырудағы қызметтерімен анықталады. Мұхит метеоүдерістердің қалыптасуына зор ықпал етеді.
3. Бүгінгі таңда заманымыздың аса ірі проблемаларының бірі - антропогендік әсердің салдарынан көміртегі циклінің қалыптан тыс ғаламдық бұзылуының орын алуы жиілеп барады. Биосфераға антропогендік іс-әрекеттер барысында түсетін С02-ні мұхиттағы тірі ағзалар сіңіреді.
4. Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан. Барлық тағамдардың 99%-ы жерден, тек 1%-ы ғана мұхиттардан алынады. Мысалы, Мьянма, Жапония, Қытай халықтары үшін жануарлар ақуыздарының жартысынан көбін теңіз береді. Мұхиттардың адамзат дамуындағы рөлі, әлемдік кәсіптердің маңызы артқан сайын Әлемдік мұхиттың экологиялық жағдайына байланысты мәселелер күрделеніп жатыр. Ең алдымен мұхиттардың биологиялық қорларының азаю мәселесі туындап отыр.
5. Мұхит неге ластанады? Бұл қайғылы процестердің себептері қандай? Олар негізінен қоршаған ортаны басқару саласындағы иррационалды, кейде тіпті агрессивті мінез-құлықта болады. Адамдар өздерінің теріс әрекеттерінің табиғатқа, мұхит әлеміне тигізетін салдарын түсінбейді. Мұхиттың ластануы дегеніміз - тірі ағзаларға зиянды әсер ететін, теңіз суының саласын төмендететін, балық аулау шаруашылығына, теңіз қызметтеріне кедергілер келтіріп, адам денсаулығына қауіп төндіретін заттардың теңіз ортасына тікелей және жанама түсуі. Ластанудың сан алуан түрлері бар: химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық.
6. Көптеген ғасырлар бойы Аристотельден кейінгі бірнеше ғалымдар жер, су, от пен ауаның бір-біріне өзара айналу мәселесі мүмкін деген болжам жасаған. XVIII ғасырдың аяғында еуропалық физиктердің еңбектерінде дәлелденгендей, су - бұл екі ғана элементтің - сутегі мен оттегінің бірігуі екені белгілі болды, сөйтіп судың басқа заттарға айналатыны жөніндегі көпғасырлық зерттеу теориясын дәлелдеу аяқталды. 7. Бүгінгі ең қауіпті және кең таралған жағдай - мұхиттың мұнаймен ластануы. Оған жылына он миллион тоннаға дейін мұнай төгіледі. Мұхитқа екі миллионға жуық өзен ағындары құйылады. Ең ірі мұнайдың төгілуі 1967 жылы Ұлыбритания жағалауында болған еді.
8. Әлемнің барлық елдерінің су қорларын ұтымды пайдалану үшін технологиялық шаралар қолданылуы тиіс. Су сапасын анықтау суды пайдалану мақсатына байланысты.