Мен де атқа міне аламын І.
Осы жылдар ішінде тұңғыш рет әкем атқа салт міну
маған қол емес екенін айтты. Ол қолын иығыма салып,
өзін жақсы түсініп алсын дегендей, сөзіне зор маңыз
бере, аса салмақтап сөйледі:
Салт атпен жүргенде, ат бүйірін аяқтарыңмен
қысып отыруың керек. Желіске салғанда, дененің
салмағын үзеңгіге көшіресің. Аяқтары сау жігітке бұл
қиын емес... Бірақ сен аяқтарыңмен ат бүйірін қыса
алмайсың, Алан. Бұл аяқтарың атқа салт мінуге жа-
рамайды. Олай болса, бұл ойдан арыл. Мен сенің атқа
мініп жүргеніңді қалаймын, анаң да. Бірақ тағдырға
шара...