Мінез адам айнасы эссе
100 сөз ​

namazovaainur namazovaainur    2   15.03.2021 12:47    11

Ответы
duy53519 duy53519  14.04.2021 12:49

Мінез – а ң ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз.

Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және сабырлы келеді. Мәселен, мінезі жақсы ұстаз оқушыға мүлдем дауыс көтеріп ұрыспайды. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты сөздер айтқанын естімейміз. Осыған қарап, қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы рас екен деп ойлаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Sn1KeRS2 Sn1KeRS2  14.04.2021 12:49

Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата - аналарымыз, ата - бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Ал осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.

Адам мінезі сан алуан. Бұл адамның іс - әрекетінен айқын көрінеді: біреудің қимылы - шапшаң, екіншісі асықпайды, үшіншісі – іске ойланбастан кірісе салады. Адам бойында көрінетін мұндай ерекшеліктер МІНЕЗ деп аталады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi