Наурыздың бірі «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. ( )
1. Мәтінге қандай ат қояр едіңіз?
2. Мәтінді құрастырарда автор қандай идеяны ұстанды деп ойлайсыз?
3. Автордың сөзімен айтқанда, Домбыра неден жаралған?
4.Домбыра нені ұрпағына аманат қып жолдаған?
5. Мәтін мазмұны бойынша домбыра – ол не?
1.
2.
3.
ЖАЗЫЛЫМ ( )
2-тапсырма. Қысқаша берілген мәтінді түсініп,«төрт түлік» жануарлардың маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз,«ПОПС» формуласын пайдаланыңыз.
Қазақ халқы түйе, жылқы, қой, сиырды «төрт түлік» деп атаған. Олардың әрқайсысының өз төлдері бар. Қазақ халқы әр түліктің пірі бар деп санайды.
Жылқы - ер қанаты. Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, «ел қорғаған ердің жан серігі» деп дәріптеген. Біздің аңыз-ертегілерімізде, батырлық жырларымызда иесі қысылғанда ақылды, күшті тұлпарлар көмекке бірінші болып келетіні туралы көп айтылады. Жылқының пайдасы өте көп.
«ПОПС» формуласы:
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін… »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын… »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім... »
СОР ПО КАЗАХСКАМУ
ответ:1 задание
1.Домбыра
2.Домбыраның ежелден келе жатқан киелі аспап екенін,жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылатындығын бейнелейді.
3.Автор домбыраны қазақтың жүрегінен жарарғындығын айтады. Себебі домбырадан шыққан әрбір әуен адам жүрегіне жетпей қоймайды.
4. Домбырадай әлемде аспап болмаған . екі ішекті аспаппен әлем музыкасына жол ашқан. Домбыраны болашақ ұрпақ қадірлесін, бағаласын деп аманат қып қалдырып отыр.
5.Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.