Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде: «Мен еңбек адамына, өз ісінің білгіріне арналған әлеуметтік бағыттағы отандық мәдени өнімдер (кино, кітаптар, театр қойылымдары, телебағдарламалар) үлесінің жеткіліксіз екендігіне шығармашылық интеллигенцияның назарын айрықша аударғым келеді», - деген еді. Расында, көптеген жылдардан бері елімізде нағыз еңбек адамына деген құрметтің азайып кеткені ешкімге құпия емес. «Адамды адам еткен, еңбек» десек, қоғамдық қатынастар өзгерген қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалайтынымыз туралы ортақ пікірге келуге тиіспіз. Осы орайда бірнеше шығармашылық адамдарына төмендегі сауалдарды жолдаған едік: 1. - Сіздіңше, еңбек адамы дегеніміз кім?
2. - Қазіргі қазақ қаламгерлерінің, режиссерлерінің туындыларында барша жұртшылықтың жүрегінен орын алатын еңбек адамының образы жасалды ма?