Жүзден - жүйрік, Мыңнан - тұлпар. Үлкен бастар, кіші қостар. Итті күшігінде үйрет. Әкені көріп ұл өсер, Шешені көріп қыз өсер. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Кеме келсе, қайық судан шығады. Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар. Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. Жақсы келін – қызындай, Жақсы күйеу - ұлындай. Бала тәрбиесі бесіктен.