17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі- дөрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрі өседі.
Алтай ботаника бағы өндірістік орталықтарды көгалдандыру
үшін ағаш-бұталардың 100-ден астам түрін, жеміс-жидек өсім-
діктерінің ондаған сортын, малға жемшөптік өсімдіктің 25
түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық шаруашылығына
пайдалануға енгізді. Сондай-ақ Алтай ботаника бағы табиғатты
қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік
түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл
кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді.
(«Қазақстан ғылымы» кітабынан)
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Оқылым мәтінінен синоним, антоним, омоним
сөздерді тауып жаз.