Жыл сайын маусым айының алғашқы күнінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл – жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, құқықтары мен дамуына қатысты жауапкершілікті еске салатын күн.
Қазақстан балалардың құқықтықтарын қорғаудың халықаралық жүйесінің дамуына белсенді атсалысады. Тәуелсіздік жылдары біз негізгі халықаралық құжаттарды ратификацияладық. Ондай маңызды құжаттардың бірі – Бала құқықтары туралы конвенция.
БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті 70-ші сессия кезінде елімізде балалардың құқықтарын қорғау мәселесі айтарлықтай жетіліп келе жатқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматыда оқушылар жазғы мектепте IV тоқсан сабақтарын оқи алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе төңірегінде барлық қажетті шараларды қабылдап, балалардың құқықтырын қорғау бойынша тапсырма берді.
Бүгінгі таңда республикамызда балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі және өзге министрліктер мен басқа да ұйымдар айналысады. Бұл ретте жергілікті деңгейде білім беру, денсаулық сақтау, балаларға арналған әлеуметтік қорғау жүйесінде мыңнан астам орган мен ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын 300-ден астам үкіметтік емес ұйым бар.