1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз. А мәтіні Конвенция – бала құқығы1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазір бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан: - Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді; - Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; - Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы; - Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата - анасынан ажыратуға ешкім құқықты емес; - Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ; - Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; - Әрбір баланың ой - пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; - Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; - Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; - Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. (184 сөз). Ә мәтіні Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өміршеңдігін кепілдік етудегі және оның келешек дамуын болжаудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың анықталған рөлімен түсіндіріледі.Бірақ, шынында, әлемдегі бірде бір ел мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнінен өзін үлгі етіп қоя алмайтындығын айтқан жөн. Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінен-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың болуын, медициналық қызметтің жеткіліксіздігінен балалар өлімінің көбеюін, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы фактілердің барлығы бала мәселесін тек қана ұлттық тәсілдермен шешу мүмкін еместігін дәлелдейді.Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесінің көкейтестілігі және көпқырлылығы соншалық, ол үнемі ғалымдар мен тәжірибедегі адамдардың назарын аударып отырады.Егер әлемнің барлық мемлекеттері бала құқықтары төңірегіндегі қажетті жағдайларды орындауға ұмтылса, билік басындағылар өз жеке басының ғана қамын ойламай, өз еліндегі мұқтаж халдегі балалардың да жағдайын ойластырғаны абзал. Өкінішке орай, әлемдегі балалардың көпшілігі үлкендер және қоғам тарапынан немқұрайлықты сезінеді.Ортақ мүдде қоғам дамуында әр кез тежеуіш емес, демеуіш болған. Олай болса, бала тағдырына байланысты күрделі проблемаларды шешуге отандастарымыз жұмыла ұмтылса дұрыс болар еді А мәтінінің тақырыбы не? 2. қандай стильде жазылған? 3. мәтіннің құрылымы сақталған ба? 4. мәтін қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?

Viktoria1289 Viktoria1289    2   11.03.2021 05:56    8

Ответы
konsantin1805 konsantin1805  10.04.2021 05:58

А)1.Бала құқығы туралы айтылады

2.Публицистік стильде жазылған.

3.Ия, сақталған.

4.Мәтін талқылау сипатында жазылған

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi