Санақ жүйесі не үшін қажет?​

irina72221976p092ek irina72221976p092ek    3   07.09.2020 01:55    1

Ответы
Gosha210403 Gosha210403  15.10.2020 18:13

Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.[1]

Қозғалыстың барлығы салыстырмалы, сондықтан кез келген дененің қозғалысын басқа денелерге қатысты салыстырмалы түрде қарастырады. Мыс., айдың қозғалысы Жермен, Күнмен немесе басқа жұлдыздармен салыстырылады. Таңдап алынған Санақ жүйесімен салыстырғандағы дененің қозғалысы осы жүйедегі дене орнын анықтайтын координаттардың уақыт бойынша өзгерісін білдіретін теңдеулермен өрнектеледі. Кинемат. зерттеулерде барлық Санақ жүйесінің атқаратын рөлі бірдей, ал динамика мәселелерінде (бірқалыпты, түзу сызықты қозғалатын немесе тыныштық күйдегі денелерде орналасқан, яғни инерция заңы орындалатын Санақ жүйесі) инерц. Санақ жүйесі басты рөл атқарады. Оларға қатысты қолданылатын қозғалыстың дифф. теңдеулерінің түрі қарапайым болып келеді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi