1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тірек сөздерді анықтаңдар (42-аудио). Не туралы айтылған? Кесене сөзінің синонимін табыңдар.

Шығыс Қазақстан жеріндегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі – бізге жеткен мәдени мұралардың бірі. Бұл кесенеде ауыз әдебиеті бойынша, бір-бірін шын сүйген екі жас – Қозы мен Баян жерленген. Кесененің қабырғасы тас тақталар мен сабан аралас балшықтан қаланған. Табаны төртбұрышты таған түрінде, жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделе өрілген. Жалпы биіктігі он екі метрге жетеді. Ғимарат қабырғасында бет пішіндері граниттен жасалған азиялық кейіптегі жансыз мүсіндер сүйеулі тұр. Олардың омырауында алқасы бар және әлдене бір кесек ұстаған қос қолдарын кеудеден төмен ұстап тұр. Күмбездің іші бейне бір қашалған тастан салынғандай жақсы жиналған. Күмбезге кіретін бір есік, екі қабырғасында бір-бірден терезе бар. Құрылысы ежелгі азиялық әдіспен салынған. Халқымыздың мұрасы, шынайы достық пен махаббаттың символы болған Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары біздің мақтанышы- мыз. Аягөз қаласының мәдениет үйі осы ғашықтардың атымен аталады.

lenyanikiforovp07x7k lenyanikiforovp07x7k    3   21.02.2022 04:16    5

Ответы
dkrutov03 dkrutov03  21.02.2022 06:00

Тірек сөздер Ғимарат, Қозы Көрпеш Баян сұлу, ғашықтар , Аягөз

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi