Бесиктин саби денсаулыгында пайдасы туралы айтып жибериндерш

dilnaramusaeva dilnaramusaeva    2   08.09.2019 04:20    0

Ответы
881881881 881881881  07.10.2020 00:12
Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.

Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды

Тоғызыншыдан - бесіктің төсек салынатын, түбек орналасатын тақтайлары баланың омыртқасы түзу болуына әсер етпей қоймайды. Ал омыртқаның бүкіл денеге қаншалықты әсер ететіні бүгінгі ғылымға белгілі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi