1.Абай қарасөзі туралы пікіріңіз қандай? Сіз тағы қандай мысалдар мен толықтырар едіңіз? Ақын қарасөзінде қандай мәселені көтерген? Сіз қандай пікір қосар едіңіз? 2. Абайдың қарасөздері бүгінгі күні өзекті ме? Маңызы қандай? Неліктен?
Қара сөздерді оқыған адамдардың көпшілігі тек оң пікірде болар деп ойлаймын. Абай Құнанбайұлының бірқатар өлеңдері мен шығармаларымен таныспыз. Қара сөздерінен өмірдегі мысалдар, ащы шындық және мағыналы сөздерді кездестіре аламыз. Абай атамыздың қара сөздерін оқыған әрбір адам белгілі бір қорытындыға келіп, өз өміріндегі жіберіп жүрген қателіктерін түзей алады. Абай Құнанбайұлы өз шығармаларында адамға жақсы қасиеттерді көрсете отырып, адам бойындағы жаман қылықтардан және әдеттерден арылуға кеңес берген. Адамға тура жол сілтеген. Адамның бойындағы ең ізгі, әрі жақсы қасиеттері ретінде :ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақылды көрсетті. Хәкім Абайдың үшінші қара сөзінде:әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ--ақылсыз надан, әрбір ақылсыз - арсыз деген еді. Ар-ұждан кетірген соң, адам имандылықтан тая бастайды. Абай адамдарды имандылыққа шақырған.Жүрегінде сәл болса да имандылығы бар адам, буыны босамаған адам деп түсіну қажет. Сонымен қатар адам мінезі, оның өмірінің босқа өту, өтпеуі жайлы да айта кету керек. Қара сөздерді оқи келе түсінетініміз адам өмірін жақсы білу қажет, босқа сауық сайранның не керегі бар? Тән құмарынан жан құмары үшін өмір сүр.
2.
Бүгінгі қоғам үшін Абайдың қарасөздері таптырмас керек қазыналы дүние деп айтатын едім. Қара сөздерде адам дүниесі, қоғам мәселесі көтерілгенін білеміз. Сондықтан бұл өте қажет. Қара сөздерде қоғамдағы сыйластық, құрмет, адамның мінезі, айналадағы болып жатқан басқа да дүниелерге аса қатты мән берілген. Бұл мәселерді шешуде Абайдың қара сөздерінен түйген қорытындымыз және өзімізді жақсы қасиеттерге деген ұмтылысымыз септігін тигізеді.
1.