1-тапсырма Мәтінді оқып, жағдаятты шешіңдер.
Мектепте қабырға газеттерінен жарыс өтіп жатты.
Талқылау түстен кейін қызып, газет шығарушылардың
пікірлері тыңдалды. Барлық газет шығарушылар әдептілік
сақтап, өз ойларын айтып бөлісті. Тек Ерлан ғана өзінің
сыныбы шығарған қабырға газетін мақтап, басқа сыныптар-
дың газеттерінен қате іздеп, сынап-мінеді. Қазылар алқасы
өзінің әділ бағасын шығарып, нәтижені жариялай бастады.
Ерлан өз газетінің аты аталғанша дегбірі қашып, тағаттана
күтті, бірақ өкінішке орай, ол ешқандай орынға ие болмады...
Мұның себебі неде?