Е6 тапсырма
мына мәтіндерді есеп деп айтуға бола ма? неге?
оларды есеп болатындай толықтыр және шығар.
а) саяжай жерінің ұзындығы – 25 м, ені – 20 м. жердің
барлық ауданының жартысына алма отырғызылған.
барлық жердің төрттен бір бөлігін алмұрт ағашы алып
жатыр. қалған бөлігіне бұталар отырғызылған.
ә) фермер шаруашылығында 500 га жер бар. 50 га
жерге бидай егілді. бидай егілген жерге қарағанда
қарақұмық егуге 5 есе артық орын бөлінді. қалған жерге
қара бидай егілді.