Жылыжай эффектісі деген не?

sergeymo00 sergeymo00    1   04.12.2020 18:55    11

Ответы
DV2608 DV2608  03.01.2021 18:57

Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.

Объяснение:

Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Литература