Жазылым: Сан есімдерді қолдана отырып, берілген тақырыптың біреуіне шағын ой-толғау жазыңыз. (40-50сөз). (выбери одну тему из ниже предложенных тем и напиши краткое эссе из 40-50слов, используй в эссе числительные) Тақырыптар (темы):
1. Қазақ елінің мәдениеті
2. Су - тіршілік тірегі
3. Судың адам ағзасына пайдасы 4. Кітапхана және интернет
5. Қазақ тарихындағы батырлар

5Vlad2851 5Vlad2851    2   24.12.2020 11:49    0

Ответы
derkioptu derkioptu  23.01.2021 11:49

Су - тіршілі тірегі. Бұл сөзді айтып кеткен ата-бабамыз, судың адам үшін және қоршаған орта үшін маңыздылығын түсінген болар. Адам денесі сексен пайызға судан тұрса, кейбір өсімдіктер тіпті тоқсан тоғыз пайызға да судан тұрады. Табиғаттағы көптеген химиялық әрекеттер сусыз жүзеге а еді. Судың маңыздылығын көрсететін келесі жайт, ол адамның сусыз мүлде өмір сүруге мұршасы жоқтығы. Мысалы, тамақсыз адам бір аптаға толықтай шыдаса, сусыз екі-үш күннің ішінде жансыздануы мүмкін дейді ғалымдар. Сол себептен, судың күнделікті мөлшерін бұлжытпай ішіп отыру қажет. Мысалы, салмағы жетпіс кило болатын орта жастағы адамға, екі литр шамасында су ішу қажет. Яғни, егерде сіздің салмағыңыз бұдан артық болса, судың да мөлшерін көбейткен жөн.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi