2-мәтін Ертеде бір ханның жалғыз ұлы болады. Бір күні ханның ұлы аң аулауға шығып жайылып
жүрген бір топ құланға кезігеді. Ханның ұлы үйірді бастап жүрген құланды атады. Жараланған құлан
ханның ұлын тұяғымен теуіп өлтіреді. Баласын бірнеше күн күтіп, аңшылықтан оралмаған соң бір
срМДЫҚТЫң болғанын сезген хан: «Кімде-кім ұлым туралы жаман, қайғылы хабар жеткізсе, көмейіне
қорғасын ерітіп құямын!» - деп, жар салады. Бұл хабарды естіген халық ханның алдына барып көңіл
айтудан қорқады. Не істерлерін білмей қатты қиналған уәзірлер ел ішіндегі атақты күйшіге келіп
өтініш айтады. Күйші ханның алдына келіп, рұқсатын алған соң домбырасын қолына алып бір күйді
Ойнайды. Күңіренген күйдің сазымен аңшылық көрінің, ашулы құландардың тұяқтарының дүрсілі
Жалғыз ұлының қаза тапқаны ханның көз алдынан өтіп жатады. Қүйдің құдіретінің арқасында хан
болған жайды түсініп егіліп жылайды. Бір кезде есін жиған хан - Ұстандар мына күйшіні! деп
уәзірлеріне әмір беріпті. Сонда күйші: - Дат тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой сізге естірткен,
депті. Олай болса домбыраның шанағына құйыңдар қорғасынды! – дейді хан. Міне, содан бері қазақ
домбырасының шанағында тесік пайда болыпты. Бұл күйді естірткен – Кетбұға күйші екен.
(Мәтіндердің түрін анықтаңыз)