Жазылым Айтылым 4-тапсырма. тыңдалған мәтіндегі сандық- деректік ақпараттарды жазып ал. сол дерекке сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша баянда. сөзіңде сан есімнің бардық мағыналық түрлерін қолдан. Әлемге әмір жүргізу үшін ғарыш басты алаңға айнала бастады. сондықтан дүниежүзіндегі дамыған елдер арасында ғарышты бағындыру жолындағы бәсекелік ерекше күшейіп келеді. аспан денелері пионер-11, вояджер, кассина-гюйгенс, хаббл сияқты ғарыш аппараттары арқылы зерттеледі. солар арқылы жерге жіберілген ақпараттар негізінде кез-келген аспан денесі туралы сараптамалар жасалады. қазіргі кезде аспан әлемін шарлап жүрген адамзаттың ғарыштық көзі хаббл аппараты. бұл құралдың көмегімен біздің галактика, тіпті басқа галактикалық жүйелерде зерттеліп жатыр. эдвин хаббл 1925 жылы американың астрономиялық қоғамдастығы жиынында өзінің жаңалығын ұсынды. бұл жаңалық аспан әлеміне деген көзқарасты түпкілікті өзгертті. 20 жылға жуық уақыттан бері спейс-шаттл бағдарламасы бойынша атлантис ғарыш кемесі аспан денелерін суретке түсіріп, жан-жақты зерттеулер жүргізу үшін ғарышты кезіп жүрген хабблға қатынас жасап тұрады. телескопқа қызмет көрсету миссиясы алғаш рет 1993 жылы желтоқсанда атқарылды, екіншісі 1997 жылы ақпанда жасалды. осы уақытқа дейін хабблға 5 рет ұшып , оның жинаған мәліметтері жерге жеткізілді