Жалпы есімдер мен Жалқы есімдерге мысал келтіріңдер берем

konoplya88 konoplya88    3   20.01.2021 09:11    1

Ответы
eltsina01 eltsina01  19.02.2021 09:12

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.

Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)

үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)

өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)

газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)

географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)

қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)

тағы басқа жалқы атаулар жатады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Begli37283 Begli37283  19.02.2021 09:12

Жалпы есім дегеніміз ол кіші әріппен бастап жазылатын сөздер МЫСАЛЫ:кітап,кеме,қалам,дәптер,және т.б.

Ал жалқы есім дегеніміз ол үлкен әріппен бастап жазылатын сөздер МЫСАЛЫ:Алматы,Ажар,Арал теңізі,Балқаш т.б.

Жалқы есімге Жер су аттары жатады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi