«Сүйiнбай мен Қатағанның айтысы» атты бұл әдеби мұраның алғашқы нұсқасы I. Жансүгiров, Ф. Ғабитова 1935 жылы құрастырып жариялаған «Сүйiнбай ақын» жинағында жарияланады. Бұдан кейiн бұл айтыстың Жамбылдан, Шу қаласының жыршысы Мәдеш Әлiмбековтен, Көкшетау облысының жыршысы Сатыбалды Аяғановтан жазып алынған нұсқалары бойынша Сүйiнбай ақынның әр жылдары жарияланған кiтаптарына тұрақты енгiзiлiп жарияланды. Зерттеушiлер С.Садырбаев (Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 216 б. ), М.Үмбетаев (Үмбетаев М. Пірім менің Сүйінбай. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 144 б.) осы айтыс хақында өз пiкiрлерiн жазып келедi.