Выпишите глаголы из текста тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
Ертеде бір ханның жалғыз ұлы болады.
Бір күні ханның ұлы аң аулауға шығып, жайы-
лып жүрген бір топ құланға кезігеді. Ханның
ұлы үйірді бастап жүрген құланды атады.
Жараланған құлан ханның ұлын тұяғымен теуіп
өлтіреді.
Баласын бірнеше күн күтіп, аңшылықтан
оралмаған соң бір сұмдықтың болғанын сезген
хан: «Кімде-кім ұлым туралы жаман, қайғылы
хабар жеткізсе, көмейіне қорғасын ерітіп
құямын!» — деп, жар салады.
Бұл хабарды естіген халық ханның алды-
на барып, көңіл айтудан қорқады. Не істерлерін білмей қатты қиналған уәзірлер ел ішіндегі
атақты күйшіге келіп өтініш айтады. Күйші ханның алдына келіп, рұқсатын алған соң, домбы-
расын қолына алып, бір күйді ойнайды. Күңіренген күйдің сазымен аңшылық көрініс, ашулы
құландардың тұяқтарының дүрсілі, жалғыз ұлының қаза тапқаны ханның көз алдынан өтіп
жатады. Күйдің құдіретінің арқасында хан болған жайды түсініп, егіліп жылайды.
Бір кезде есін жиған хан: — Ұстаңдар мына күйшіні!
Сонда күйші: — Дат тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой сізге естірткен, – депті.
деп уәзірлеріне әмір беріпті.
Олай болса, домбыраның шанағына құйыңдар қорғасынды!,
Міне, содан бері қазақ домбырасының шанағында тесік пайда болыпты. Бұл күйді естір-
дейді хан.
ткен — Кетбұға күйші екен.
Мәтіп​

nastya02022 nastya02022    2   02.02.2021 14:39    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi