умаляю! Берілген мәтінді 2 рет мұқият оқып шығыңыз. Тапсырмаларды

орындаңыз

Внимательно прочитайте текст и выполните задания.

Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия

көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін

тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді,

иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді.

Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.

Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы,

бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан

тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.

Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ

соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы

мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда

ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды

пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су

тапшылығы мәселесі бар.

Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың

жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы

ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.

Судың қандай қасиеті ауруларға ем болады?

В чём заключаются целебные свойства воды

А) таза энергиясы

В) иммунитетті күшейтуі

С) түрлі қалыпта болуы
2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыстығын
тексеріңіз/ По содержанию текста определите правильную,
неправильную информацию + -
a) Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы,
сүйектердің 22 пайызы судан тұрады.
b) Адамзат суды үнемдеуді ойлайды.
c) Су тапшылығы мәселесі Африка және Қытай елдерінде байқалады.

3. Мәтін бойынша берілген сан есімдерді сөзбен жазыңыз. Қандай сан
есім екенін анықтаңыз
Напишите имена числительные словами и определите их виды по
значению
Үлгі:
ауыз судың 2 пайызы - екі пайызы/ есептік сан есім.
40-50 литр су -
қанның 83 пайызы-
бұлшық еттердің 75 пайызы-
сүйектердің 22 пайызы-

4- тапсырма. Берілген сұраққа өз көзқарасыңызды 3 сөйлеммен білдіріп
жазыңыз. Тірек сөздерді қолданыңыз
ответте на вопросы используя опорные слова , высказывая свое мнения
Тірек сөздер: үнемдеу, пайдасы, маңызы, өсімдіктер, жануарлар, аштық,
шөл т.б.

fbgudcc fbgudcc    2   23.12.2020 08:30    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi