Ақылды үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған «Нені болса, соны сұрайтының не?» деместен, оның сұрағандарына ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен: – Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі,- деді. Ақылды:
– Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. Әкесі:
– Иә, балам! Мәселен, құлақ туа бітті бар болады. Ал, мүйіз болса, бұзау алғаш туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе-келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда қашан мүйізі бар еді? Жоқ болатын. Ал, құлағы ше? Құлағы бар болатын. Кейін, бірер айдан кейін мүйіз шыға бастады. Енді міне, бір жылға таяп еді, мүйізі өсіп, құлағымен бірдей болды. Құдай қаласа, келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып озады. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің, туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса оның ұрпақ болмағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын,- деді әкесі.
Құл-Керім Елемес
Мәтіндегі басты тірек сөздер: *
бәйге, ала тайынша, тұлпар
мүйіз, құлақ, ұрпақ
ала тайынша, ат, шабандоз
ұрпақ, әке, ірі қара
із, сұрақ, әке

irina162002 irina162002    2   26.11.2020 12:16    5

Ответы
Valera7451 Valera7451  26.12.2020 12:17

Мәтіндегі басты тірек сөздер:

мүйіз, құлақ, ұрпақ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi