. « Тортай мінер ақ боз ат » атты әңгімесінде қай жылдардың оқиғасы суреттеледі? ​

Аня142 Аня142    1   04.03.2021 21:01    0

Ответы
XASSA XASSA  03.04.2021 21:02

ответ:Әңгімедегі оқиға екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі қазақ ауылында өтеді. Осыған байланысты халыққа түскен ауыртпашылық пен қиыншылық, қайғы – қасірет, жасөспірімдер мен бүлдіршін балғындарды жылатты, жетімсіретті. Жетімдіктің тауқметін тартқан Тортай, өмір бойы армандап, қиялдап өтті десек онда қате болар.

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің авторы – Оралхан Бөкей.Әңгімеде Тортайдың бастан кешкендері, соғыстан кейінгі қайғы-қасіреттері баяндалған. Мысалы: Тортайдың әжесімен ауылға қоныс аударуы, балалардың Тортайға сіңісуі, әкесінің қаза табуы, өзінің балалық армандары кімнің де болмасын құлағының құрышын қандырары анық.

Тортай – әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есегінде жүретін 14 жастағы бозбала. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар болғанымен балалардың арасында білгіш, және басқалардан ерекшелігі, бас алмай кітап оқи беретін. Тортай ойынан ертегілер шығарып, балаларға айтып береді. Соны балалар ұмытпай кейін өз балаларына айтып береді.

"Фермердің баласы"- бақуатпын деп, мұрнын көкке шүйірмейтін, басқа балалармен өзін тең көретін қамқор, адал дос.

Балалар – Тортайдың сол ауылға сіңісіп кетуіне көмек берген кеңпейіл достар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi