Тапсырма Мәтінді оқып , төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз . Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп , құтыла алмай отыр , бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес . ХІХ - ХХ ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын - соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді . Нағыз ғылым дегеніміз - ғалам мен ондағы құбылыстардың , астарына үңіліп , шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну . Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған а ғаламды танып - білуге , білгендерін көкейінде түюге тиісті . Көңілге түйіп , көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп , ықпал жасаудың жолдарын қарастырады . Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі , ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып , құл екенін сезінуі дегенге саяды . Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек , физика , химия , астрономия , медицина , т.б ғылым салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда . Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін пайымдаймыз . Бұдан үрейленудің де жөні жоқ . Басқа келер қатерді ғылым - білімнен немесе ғылым - біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік , нағыз қатер надандықта , санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта . Кейде ғылым - білімге сүйеніп , он ойланып , тоғыз толғанған іс - әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі . Бұған түсіністікпен қараған жөн . Ал бірақ білімсіздіктің жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет . 1. Автор « Ғылым » ұғымына анықтама берген абзацты көрсетіңіз . [ 1 ] А ) 1 B ) 2 C ) 3 D ) барлық абзацта 2. Мәтінге қатысты тақырыпты табыңыз . [ 1 ] A ) Болашақ технология В ) Ғылым мен технология туралы C ) Жаңа технология жетістіктері D ) Адамзат дамуының артықшылығы 3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз . [ 1 ] дерт , ауру қозғалыс түсіндіру . қорқу . 4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз . [ 2 ] Қосымша ақпарат Негізгі ақпарат 1 . 2 3 . 1 . 2 3 . Өтінемін көмек керек