-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша сұрақ құрастырып, жауабыңды дәлелде.
Шағын кәсіпкерлік – елдің әлеуетті тірегі
Дамыған елдерде экономиканың қуатты күші ретінде шағын бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық
кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің экономикасының да қарқын алатынын дамыған елдер әлдеқашан түсінген. Жыл санап ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) үлесінің өсіп келе жатқанына, еліміздегі
кәсіпкерлік нысандарының қатары еселеп артқанына қарасақ, шағын
және орта кәсіпкерлік Қазақстан экономикасының аса маңызды секторына айналуға бет бұрды деуге болады. Әсіресе соңғы бірнеше жылдың
ішінде ол айқын байқалды. 2014–2016 жылдары ІЖӨ-дегі шағын және
орта бизнестің үлесі 17–18 пайызға дейін артса, өткен жылы 27 пайызға
жетіпті. 2012 жылғы 6,1 пайызбен салыстырсақ, бұл – ауыз толтырып айтуға тұратын көрсеткіш. Оның үстіне, ірі бизнестің табысымен
Тілдік бағдар салыстырғанда, шағын және орта бизнестің үлесіндегі табыстың өсім қарқыны айтарлықтай жоғары. 2016 жылы шағын бизнес нысандарының
табыс көлемі 6,6 триллион теңгені құрап, өсім қарқыны 43 пайызға
жеткені осыны көрсетеді.​

irinaeenjoy irinaeenjoy    1   19.11.2020 06:50    7

Ответы
Haesiy Haesiy  19.12.2020 06:50

ответ:1)Мәтін не жөнінде ?

2)ІЖӨ дегеніміз не ?

3)Қазақстан экономикасы өсіп келедiме ? 4)мәтін саған ұнадыма ?

5)Мәтінге қандай ат қояр едің

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi