тапсырма
Мəтінді мұқият оқып, ойды жалғастырып, оқиғаны дамытыңыз.
Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді. Түс мезгілі болатын. Қожанасыр
түскі астан кейін ағаштың астында демалады.
Ағашта өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «Осы табиғатқа таң
қаламын. Өрік ағашы өте үлкен. Бұтақтары, жапырақтары өте мықты. Бірақ
жемісі өте кішкентай əрі жұмсақ. Асқабақтың сабағы мен
жапырағы өте əлсіз. Ал жемісі өте үлкен əрі қатты. Бұл дұрыс емес
Өйткені өрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен», - деп ойланады.
Дəл сол кезде басына өрік келіп түседі.
Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді
Жауабы:
Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Осыдан былай табиғатқа тіл
тигізбеймін.
Табиғаттағы барлық нəрсе өз орнында. Егер өріктің орнында асқабақ болса,
мен тірі қалмайтын едім». Неге екен?
Жауабы:Шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. Əрқайсысының өз
орны бар. Əрбір нəрсе өте керемет жасалған. Жəне бұл табиғат заңына
бағындырылған. Бұның бəрі тегіннен-тегін емес. Соны ойланған адам бар ма?