тапсырма.
8
Мәтінді оқы.Жоспар құр
Ертеде бір ханның жалғыз ұлы болады.
Бір күні ханның ұлы аң аулауға шығып, жайы-
лып жүрген бір топ құланға кезігеді. Ханның
ұлы үйірді бастап жүрген құланды атады.
Жараланған құлан ханның ұлын тұяғымен теуіп
өлтіреді.
Баласын бірнеше күн күтіп, аңшылықтан
оралмаған соң бір сұмдықтың болғанын сезген
хан: «Кімде-кім ұлым туралы жаман, қайғылы
хабар жеткізсе, көмейіне қорғасын ерітіп
құямын!» — деп, жар салады.
Бұл хабарды естіген халық ханның алды-
на барып, көңіл айтудан қорқады. Не істерлерін білмей қатты қиналған уәзірлер ел ішіндегі
атақты күйшіге келіп өтініш айтады. Күйші ханның алдына келіп, рұқсатын алған соң, домбы-
расын қолына алып, бір күйді ойнайды. Күңіренген күйдің сазымен аңшылық көрініс, ашулы
құландардың тұяқтарының дүрсілі, жалғыз ұлының қаза тапқаны ханның көз алдынан өтіп
жатады. Күйдің құдіретінің арқасында хан болған жайды түсініп, егіліп жылайды.
Бір кезде есін жиған хан: — Ұстаңдар мына күйшіні! — деп уәзірлеріне әмір беріпті.
Сонда күйші: Дат тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой сізге естірткен, депті.
Олай болса, домбыраның шанағына құйыңдар қорғасынды!, - дейді хан.
Міне, содан бері қазақ домбырасының шанағында тесік пайда болыпты. Бұл күйді естір-
ткен — Кетбұға күйші екен.


тапсырма. 8 Мәтінді оқы.Жоспар құр Ертеде бір ханның жалғыз ұлы болады. Бір күні ханның ұлы аң аулау

Azimus19 Azimus19    3   27.01.2021 07:30    1

Ответы
tiamaressp035gw tiamaressp035gw  26.02.2021 07:33

Домбыра сазымен ащы шындық

Горькая правда музыкой домбры

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi