Сын есім
45. Мәтінді түсініп оқы.
- Мен ол ағашты көрмегелі он шақты жылдай бо-
лыпты! Жаяу баралық. Қасиетті ағаш қой, – деді Жам-
был ата.
Ағашқа жақындағанда, шошып қалды. Біреу балта-
мен ағашты сарт-сұрт шауып жатыр.
– Ей, тоқта! Сен өзі дені сау адамбысың? Ағашқа
неге балта шабасың?
– Жамбыл ата екенсіз ғой! Кешіріңіз! Мен бір бұтағын
кесіп жатыр едім, – деді жігіт.
Жамбыл ата:
- Ал, жігітім, жөніңді айтшы. Бұл Сүйінбай атаңның
еккен ағашы екенін білемісің? – деді.
- Білемін, Жәке. Біз ауылымыз болып бұл мәуелі
ағашты қасиет тұтамыз. Қураған бұтағын кесіп тастай-
мыз. Күн ыстықта осы ағаштың көлеңкесінде демала-
мыз, - деді жігіт.
мәтінднгі сын есімдерді тап, сұраө қой