Тапсырма 1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелдi жауап берiнiз. 2. Жубыныздың жауабын тыңдап, 03 жауабынызмен салыстырыңыз. Көзкарастарынызда ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма? [10] Казак ел басына күн туғанда жалғыз жанын ку шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бiр тұтам жерi үшiн қорқу деген сезiмдi журегiнен жұлып алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысынын әлi саргайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзiмiз жетедi. Оған мысал айқас аландарында өшпес ерлiк жасаған қайсар жауынгерлерiмiздiң бiрi - Бауыржан Момышулы едi. Ұзын бойлы, қара сур Момыштын ұлы Бауыржан сол кезде отыздын устiндегi жас жiгiт болатын. «Өз халқын құрметтеп, суймеген адам опасыз, оңбаған адам», деп Бауыржан Момышұлы айткандай, Отан үшін өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халкынын намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кiмге болса да музарт шынның басында, мұнартып қалықтаған акиық, мұзбалақ қыран болып елестейдi. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дур сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясынын батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, карангыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аныз болып, батыр колбасшы атанды. Жеңiстiн 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгi үшiн Мәскеу халқы құрметтеп, улкен сый жасады. Сұрақ: 2-мәтiн - - Неліктен а ұлы есiмдердi тудыру үшін бейбіт өмір жеткiлiксiз болады да тұрады? Соғыс жағдайында отанын сую кандай әрекеттермен өлшенген, ал бейбіт өмірде немен өлшенедi деп есептейсіз? "Ел басына күн туған күн" деген сөздің мағынасын калай ашар едiңiз?