Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңда.
Тапсырмаларды орында.
Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден
шыққан, суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басында жатқан үлкен таста:
«Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!», - деген жазу бар екен.
Жолаушылар бұлақтан су ішеді. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір
жолаушы:
Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып,
үлкен өзен болады. Бұл жазуды сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма,
Сонда мұратыңажетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады.
Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай
болса, бұл «біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, -
дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не
ойлайсың?» – деп сұрайды.
– Меніңше, адамдар бұл бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін
ынтық болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Жолаушылардың бұлақ туралы айтқан пікілерін тауып сәйкестендір помагите