Танымдық энциклопедиядан) Ail Т Ы І Ы М
5-тапсырма. «Кім ізденгіш?» ойыны. Суретте қандай оркестр бейнелен-
ген? Осы оркестр туралы ізденіп, мәлімет жина. Көп ақпарат берген топ
жеңеді.​

rachik141516 rachik141516    2   24.11.2020 13:08    11

Ответы
emeliynovatv emeliynovatv  24.12.2020 13:09

Оркестр[1](грек. оrсhestra – ежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң) – музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. Оркестрдің қалыптасуы 17 ғасырдың бас кезінде гомофония музыкалық жанрларының (опера, оратория, концерт) пайда болуымен сәйкес келеді. Оркестр аспаптық құрамына (біркелкі немесе аралас) және қолдануына (әскери, эстрадалық, т.б.) қарай топталады. Құрамына қарай оркестр: симфониялық (ішекті ысқылы, ағаш және мыстан жасалған үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, т.б.), ысқышты (тек қана ысқышты аспаптар), үрмелі (үрлеп ойнайтын және соқпалы аспаптар), бэнд (тек қана мыстан жасалған аспаптар), халықтық музыка аспаптар, камерон, джаз, т.б. түрлерге бөлінеді. Қазақстанда кәсіби халық аспаптар оркестрі 1934 жылы құрылды. Республикада: Халық аспаптар оркестрі, Симфониялық оркестр, Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық және камералық оркестрі, “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Ұйғыр, Корей музыкалық комедия театрларының оркестрлері, т.б. бар.[2]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi