1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы - екеуі құрдас екен.
Бір күні ел көшкенде қыр астында ойнап жүріп, ескерілмей екеуі
жұртта қалыпты. Бір мезгілде үйге баралық деп келсе, ауыл жок,
Күр жұрты жатыр.
Асан айқай салып жылай бастайды. Үсен ойланып тұрды да
айтты:
Жылағаннан еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды іздеп табалық.
Елді қайдан табамыз, қай жаққа кеткенін де көргеніміз жоқ,
деді Асан,
Үсен үндемеді, Асанды ертіп көшкен жұртқа келді. Жұртта бір
көзі сынған ине жатыр екен, оны алды және бір пышақтың сынығы
мен бір-екі уыстай қыл тауып, оны да алды. Сонан соң ауылдың
жұртын айнала жүгіріп жүріп көштің кеткен сүрлеуін тауып, сол
сүрлеуге түсіп жүре берді.
Біраз жер өткен соң сүрлеу екі айырылды. Мұны көріп Асан
жылай бастады.
Үсен қарап жүріп біреуіне түсті:
Мына сүрлеу бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен, малдың жас
тезегі бар, - деді...
1-тапсырма
Берілген үзіндіден етістіктерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.