Табиғат –бұл адамзаттың анасы.Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. Өйткені «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Осылайша, табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Және дүниенің есігі ашылған сәбиге бар шапағатын тосатын ана сынды табиғат, буыны қатаймаған сәбиге бар болмысын беріп, береке сыйлайды, ырысымен бөліседі. Бала балалық шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық жасасақ, дәл солай табиғат анаға да қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас. Сондықтан да адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Ең басты жағдайда , осы бір мәселені есте сақтайық.
Эссе
"Табиғаттың мінезі"