...Тағыз қазақ - домбыра! Домбыра казактың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатка қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай кеткен халқымыздың көне мұрасы. Қазақ халкының мәдениет пен өнер тарихының ежелгі көріністері осы домбырамен үндесіп жатқандай. Казакстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов «Домбыраның екі ішегін қағып, әуен шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету - логика, күй сезімінің мәнін жеткізу - философия» - деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақ халқының Көне заманының, сонымен қоса қазіргі таңдағы күйшілерінің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. Ұлтымыз үшін, ұлттық құндылықтарын дәріптей білетін әр қазақ үшін домбыра - ұлттық мақтаныштың бірегейі. Домбыра шертілгенде казактың кең-байтак сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен урлеген бораны, көлдегі аккуы көз алдымызға келеді. Бұл казак күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н.Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» - деген сөзі соның бір дәлелі. Қос ішек үнінен бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман-мүддесі. философиялык сарыны, азаматтык үні, тарихы күй болып төгіледі. Қадыр Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді.- деген жолдары соны айғақтады... Бүгінгі коғамда домбыраның сиқырлы әуенінің құдіретін жете түсінбейтін жандар көптеп кезігеді. Онан гөрі Батыстың ән-күйін тыңдағанды жөн көреді. Жанына тыныштық пен емді сол Батыс әуендерінен алып, соларға тәуелдене түседі. Бұл, әрине, қазіргі заман адамдарының психологиясына байланысты болар. Дегенмен, түсінгенге, сезінгенге домбыраның күмбірі, өзгеше әуезі талай жанға рухани күш дарытуға қауқарлы. Сонымен қоса адам бойында патриотизмді оятуда да үлесін қосары сөзсіз. Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын. Идеологиясын жеткізетін үлкен кызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Автордың көзқарасы: Көтерілген мәселе: