Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» ба директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Балалық шағына көз жүгірсек, Мұратбек ата оның үлкен атасы. Баласы қайтыс болғаннан кейін, бірі бес, екіншісі үш жастағы қос немересімен қалады. Бес жастағы немересі Сапарғалидан өмірге Сайын келеді. Кішкентай бала күні соғыспен дәлме-дәл келіп, әкесі майданға аттанып кетеді. Содан кішкентай шөбересін бауырына басып, Мұратбек атасы бағып қағады. Тегі де сол кісінің атына «Мұратбеков Сайын Мұратбекұлы» деп жазылған.
Алты жасқа келгенде, сонау «42-ші» жылы шешесі Рәзия қайтыс болады. Соғыс кезінде тылдағы еңбек күшінде қаншама әйел адамдар аянбай тер төкті. Қапалдың маңайында сол шақта басқа ұлт өкілдері көп қоныстанған еді. Солардан келген болуы керек, астық күзетіндегі Рәзия ананы ұрып-соғып, өлтіріп, өздері астықты жымқырып кеткен. Содан Сайын алты жасында жетім қалады. Ал, әкесі қанқұйлы соғыстан аман-есен оралып, балаларға жетімдікті сездірмеуге тырысып қайтадан Сақы деген кісіге үйленеді. Ол кісі екінші анасы болды. Осы алты жасынан кейінгі өмірінің біраз жері «Жабайы алмада» кеңінен суреттелген