Тәуелсіздік тұғырым эссе
не берите с интернета,можно что то своё?150слов​

eviilevii123 eviilevii123    2   20.12.2020 14:23    0

Ответы
makssssimfrank makssssimfrank  20.12.2020 14:30

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық Заңының 1991жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар- ел қорғау соғыстары, ұлт- азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігері, рухы қайтпайтын табандылықты, өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.

Бұл – еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.

Тәуелсіздігіміздің жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл президентіміздің жүргізіп отырған парасатты, көреген саясатының нәтижесі –Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi