Төрт сөйлем әдісін қолданып эссе жазу. Тақырыбы-мәнерлеп сырғанау

ЖаннаLife ЖаннаLife    2   17.02.2021 14:48    0

Ответы
lolipop123332 lolipop123332  19.03.2021 14:49

Мәнерлеп сырғанау – бұл негізгі қысқы Олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Оның әлем алдындағы танымалдылығы артып келеді. Мәнерлеп сырғанауда әрбір спортшы әртістік қабілетін дамытып, денсаулығын нығайтады, мұз алаңында өз өнерін көрсетеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
kulmameteva kulmameteva  19.03.2021 14:49

Мәнерлеп сырғанау – әрі әдемі, әрі күрделі спорт түрі. Өнер атаулының дарыннан бөлек қажымас қайрат пен тынымсыз еңбекті талап ететіндігі секілді мәнерлеп сырғанауда да табысқа жетемін деген адамға үлкен төзімділік қажет. Тарихы сонау қола дәуірден басталатын осы спорттың отанын әдетте Голландия деп атайды. Себебі, дәл Нидерланд елінде XII-XIV ғасырларда металл кескіші бар конькилер жасала бастаған. Ал археологиялық зерттеулердің нәтижесі алғашқы конькилердің жануарлардың сүйегінен жасалғанын (Одесса маңынан табылған) және олардың қалың қарда қозғалу үшін қолданылғанын көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанда бұл спорт негізінен 2011 жылғы қысқы Азиададағы Денис Теннің жеңісінен соң ерекше қарқын алды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi