ТАВАЛІ ОҚЫЛЫМ -тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы.
Сәлем, достар! Менің атым Әлібек. Мен сендерге өз отбасымды таныстырамын.
Бұл – менің отбасым. Менің отбасым да басқа қазақ отбасылары секілді үлкен. Менің
отбасымда атам, әжем, әкем, анам, ағам, інім, қарындасым бар Бәріміз бірге тұрамыз.
Қазақ отбасының жақсы дәстүрі көп. Олар: жасы үлкен адамға жол беру, терге
отырғызу, қарсы сейлемеу, қызды сыйлау. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы
болады, кеңес береді, ақылды болуды үйретеді.
Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді. Әкем маған: «Үлкенді
құрметте, кішіге қамқор бол!» - дейді. Мен де атам мен әжемді, әкем мен анамды,
ағамды құрметтеймін. Ал ініме, қарындасыма көмектесемін.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды
мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға, қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, ермек
тоқуға үйреткен,
Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір-біріне қол беріп аманда-
сады. Жасы кіші адам үлкенге: «Ассалаумағалейкум!» - деп амандасса, үлкендер:
«Уағалейкумсалам!» - деп жауап береді. Ал мектепте, қоғамдық орындарда ер адам-
мен де, әйел адамдармен де «Сәлеметсіз бе!» деп амандасады.
Адамдарды таныстырғанда үлкенге кішіні, әйел адамға ер адамды бірінші таны-
стырады. Ондай кезде: «Танысып қойыңыздар», «Таныстыруға рұқсат етіңіздер!» - деп
айтады.
Мен өз отбасымды жақсы көремін, қазақ отбасының дәстүрлерін құрметтеймін,
сақтаймын.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріңе аудармасымен жазып ал.

divaevaadila divaevaadila    3   21.12.2020 20:26    27

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi