Тірек сұрақтарға жауап бере отыра, суреттер бойынша диалог құрастыр. (7 сұрақ-жауап) 1-сурет: Бұлар кімдер? Олар не істеп тұр?
2-сурет: Бұлар кімдер? Қай мерекеге келді? Олар не істеп отыр деп ойлайсың?
3-сурет: Ардагерлер не істеп жатыр?
4-сурет: Суретте не бейнеленген?
Ұлы Отан соғысы (Великая Отечественная война) халқымыз үшін ең ауыр күндер (трудные дни) болды. Ол 1941 жылы 22 маусымда басталып, 1945 жылы 9 мамырда аяқталды. Армия қатарында (в рядах армии) орыстар, қазақтар, тәжіктер, украиндер, белорустар, армяндар, грузиндер болды. Олар Отан үшін, бейбіт өмір (мирная жизнь) үшін соғысты .
Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері (воин)көптеген ерлік көрсетті (совершать подвиг). Қазақстандық жауынгерлер Брест жерінен Берлинге дейін барды. Олар Сталинград, Днепр, Москва, Ленинград, Прибалтика, Украина жерлерін қорғады (защищать) . Кеңес (Советский Союз) армиясы Украинаны, Қырымды, Прибалтиканы, Белоруссияны, Кавказды, Польшаны, Болгарияны, Румынияны, Венгрияны, Чехославакияны, Германияны жаудан азат етті (освобождать). Москваны қорғауда 28 панфиловшылар дивизиясы ерлік көрсетті. Бұл дивизия – Қазақстанда жасалған әскери күш (военная мощь). Олардың ерлігін бүгінгі күні бәрі біледі
ТАПСЫРМА: Мәтіннен (3-тапсырмадан) есімдіктерді тауып, түрін анықтаңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз. (ЖАЗБАША 5 сөйлем 3 ҰПАЙ)