Төменгі мәтіннең 2 тірек сөйлемді табу керек: Тәуелсіз республикамыз санаулы жылдарда өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің
арқасында орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет
орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдері
арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай
өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституция жасаған ықпал өте зор. Барлық
заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті әлі де мол. Бұл
туралы Алматы облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Марат
Шайхсламұлы Әбдірахманов жан-жақты әңгімелейді.
Бүгінге дейінгі табыстарымыздың барлығы осы Конституцияның арқасы. Өйткені,
Конституцияны басқа барлық заңдардың атасы деуге болады. Қандай мемлекетте болсын
әрбір адамның еркін, тең, азат, бақытты өмір сүруі үшін соны қамтамасыз ететін, іс-
әрекеттерін, құқықтарын айқындайтын, мүдделерін, меншіктерін қорғайтын көптеген
заңдар қабылданады. Бізде де солай. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1993 жылы
28 қаңтарда тұңғыш Конституциясын қабылдады. Бұл – республика тарихында болған аса
ерекше оқиға еді. Осы Ата Заң аясында демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет құру үшін әр салаға қатысты көптеген заңдар қабылданды.
Өмір бір орында тұрмайды. Бәріне уақыт төреші. Реформа тереңдеген сайын кейбір
қабылданған заңдарымызды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы Қазақстан
халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған және алда да жалғасын табатын игілікті
қадамдар.
Сурактар кайда
Объяснение